Жедел желі
Тегін жеткізу 6500
Қазақстандағы №1! *
Сылақтар
Тегістеуіштер
Тақтаға арналған желім
Тігістерге арналған бітеуіштер
ГКТ-мен жұмыс істеуге арналған қоспалар
Құйылмалы едендер
Гидрооқшаулауыш қоспалар
Төсеме бояулар
Сәлеметсізбе, Мен Модулормын!
Мен архитектура мен құрылыстағы мінсіз пропорциялардың эталоны болып табыламын. Мен AlinEX өнімімен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар беретін боламын.
Құйылмалы едендер
Ерітіндіні дайындау кезінде су мен құрғақ қоспаның арақатынасын орындаңыз.
Соңғы әрлеу
Соңғы әрлеу үшін AlinEX "FINISH P" пайдалануға кеңес беремін, ол - барлық тегістеуіштердің ішіндегі ең иілімдісі, және нәтижесі де - тамаша!
Қабырғаларды әрлеу
Қабырғаларды әрлеу үшін AlinEX "GLATT" қоспасын пайдаланған жөн – онымен жұмыс істеу 2 есе жылдамдырақ.
Гипсті сылақ
Қабырғаларды AlinEX "GRENDER" қоспасымен тегістеген дұрыс, ол оңай жағылады және шығыны де үнемді!
Тақтаға арналған желім
Тақтаны кеуіп қалған желімге жабыстырмаңыз, тек шағын учаскелерде жұмыс істеңіз
Түсқағаздар астына арналған тегістегіштер

Түсқағаздардың астына GLATT немесе GLATT PLUSгипсті байланыстырушы негізде тегістегіштерді қолдануға кеңес береміз  

SET 300 және 301

200*300 мм. стандартты тақтайшаны жабыстырған кезде, желім қабатының қалыңдығы  SET 300SET 301  3 бастап 7 мм болады

20 түстен артық FLASH

20 түстен артық FLASH ысқылағыштардың алуан түрі ысқылағыш түсін таңдалған тақтайша түсіне таңдауға мүмкіндік береді.    

ГКТ тігістерді толтыру
Біз бірінші қабаты 8 сағат құрғағаннан кейін ерітінді JOINT екінші қабатын қолдануға кеңес береміз
Едендерді тегістеу

Құрғақ бөлмелерде едендерді тегістеу кезінде LEVEL 1 қолдануды ұсынамыз  

Тегістеу

Негізі бар сылақтардың, тегістегіштердің, тақтайшалы желімдердің жақсы тұтасуын қамтамасыз ету үшін PRIMER қолдануды ұсынамыз. 

Бренд туралы


AlinEX – тек нағыз кәсіпқойлар үшін! Уақытпен тексерілген.

Отандық нарықта 15 жылдан бұрын пайда болған AlinEX құрғақ құрылыстық қоспалары нағыз кәсіпқойлар үшін жасалған. Қоршаған әлемде барлық мінсіз дүниенің үйлесімділік пен алтын қима заңдарына бағынатындығы ешкімге құпия емес. AlinEX өнімдері дәл осылай жасалған – біздің Ғылыми-техникалық инженерлік орталық зертханасының көп жылғы әзірлемелері, құрамдаушы компоненттердің мінсіз пропорциялары, технологтардың шеберлігі мен бренд өнімдерін жасауға қатысы бар әр қызметкердің ықыласы – осының барлығы AlinEX өнімдеріне бүгінгі таңда құрғақ құрылыстық қоспалардың қазақстандық нарығында озық орындарды иеленуге мүмкіндік береді. AlinEX құрғақ құрылыстық қоспаларын қолдану саласы өте кең: қалау, сылау, қаптау жұмыстарын орындау, едендер жабындарын орнату, тігістерді бітеу, гидрооқшаулау жұмыстары, жылуды оқшаулау жұмыстары, декоративтік жұмыстар және т.б.    

Құрғақ құрылыстық қоспалар (ҚҚҚ) – қоспаларға ерекше технологиялық сипаттар беретін тұтқыр шикізат, толтырғыш пен химиялық қоспалар жиынтығынан тұратын құрамдар. ҚҚҚ өнідірісінде түрлі дисперсиялы ұнтақ тәрізді күйдегі шикізаттық материалдар пайдалыналады. Материалдар келесідей ортақ, маңыздылығы бірдей сипаттамалар қатарына ие: 

тығыздығы; кеуектілігі; көлемдік салмағы.

AlinEX – жай ғана ҚҚҚ емес, бұл айтарлықтай техникалық, сондай-ақ тұтынушылық артықшылықтарға ие қосымша сипаттар жинағы бар қоспалар. AlinEX құрғақ құрылыстық қоспалары өнімдердің өзіндік сипаттарын бағалайтын жәнеерекше көретін нағыз кәсіпқойлар, шеберлер үшін әзірленген. AlinEX қоспаларының иілімділігі, жарылуға жоғары төзімділігі, күшейтілген адгезия, жағудың ыңғайлылығы, жоғары беріктігі, жұмыстағы жеңілдігі сияқты  өзгеше қасиеттері жұмыстардың сапалы түрде үлкен көлемін жүргізуге және азырақ шаршауға мүмкіндік береді.